15 Сәуір 2025 2025, 19:26
Фото: pixabay.com
Қай аймақта некеге жиі тұрады?
Өткен жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, 1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті – 6,13. Некенің ең жоғары коэффициенті Астанада – 7,34, Алматы облысында – 6,98 және Ұлытау облысында – 6,70.Ең азы-Батыс Қазақстан облысында, ондағы көрсеткіш 5,58 құрады.
Өткен жылы үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған, ал алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас болды. Жалпы қиылған некенің 18,2% – аралас неке.
Некеге тұрған қыздардың 41% жоғары білім болған, ерлердің 38% ЖОО-да оқыған.
Айлар бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739, ең азы – мамырда (8453).