"Қауіпті қылмыскер": Таразда халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды
Таразда халықаралық іздеуде жүрген қауіпті қылмыскер ұсталды. Көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген 42 жастағы шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қылмыскерді ұстау операциясы Көліктегі полициясы департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асырылды.
Құжаттарын тексеру және жеке басын анықтау барысында ер адамның басқа мемлекеттің құқық қорғау органдары іздеп жатқан тұлға екені белгілі болды. Қазіргі уақытта ол Шымкенттегі тергеу изоляторына қамауға алынды. Іздестіруді бастаған мемлекетке хабар беріліп, экстрадициялау рәсімдері жүргізіліп жатыр, - делінген полиция хабарламасында.
Құқық қорғау органдары мұндай операциялар қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, қылмыспен күресте халықаралық ынтымақтастықты дамытуға да ықпал ететінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ЖИ қазақстандықтарға жұмыс табуға қалай көмектесіп жатыр?
Келесі жаңалық
Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?
Өзгелердің жаңалығы