Қауіпті “хайп”: Оралда жол үстінде ережені өрескел бұзғандар жазаланды
Оралда жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтады.
Бейнежазбада жолаушылардың жүріп бара жатқан көліктен денелерін шығарғанын байқауға болады.
Аталған фактілер бойынша құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Полиция жол ережесін қатаң сақтауға шақырады. “Хайп” үшін жасалған әрекеттер өмірге қауіпті екенін ұмытпаған абзал, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада Месроп Маштоц атындағы көше ашылды
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы