"Қауіпті деңгейге жарты-ақ метр қалды": БҚО-да жағдай күрделі

Жағдайды БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жайық өзенінің бойына жақын орналасқан Орал қаласында және облыстың 4 ауданында су тасқыны қаупіне байланысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Бүгінгі ақпаратқа сәйкес, мамандардың айтуынша, Ресей Федерациясынан судың мол көлемі 2-3 күнде облысымызға жетеді. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, бүгін Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтады, - деді ол.

Ерхан Таткен қазір төтенше жағдай қызметі, күштік құрылымдар мамандары тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Су тасқыны бойынша жұмыстарға өңірімізден және республикамыздың басқа аймақтарынан жалпы саны 6 389 адам және 1403 бірлік техника, оның ішінде 645 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ еріктілер мен қарапайым азаматтар да қолдан келген көмектерін аяп жатқан жоқ, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы