Қауіпті аймақтағы тәртіп ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұл үш есе өсуі мүмкін
Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында темір жолдағы қауіпсіздік мәселелері бойынша брифинг болып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы жол бөлімшесінің бас инженері Александр Игошен атап өткендей, темір жол балалар үшін ойын алаңы болып қалып отыр. Жасөспірімдер арасында теміржол инфрақұрылымы нысандарында әлеуметтік желілер үшін бейнероликтер түсіру танымалдылыққа айналуда.
Жолаушылар пойыздарының жылдамдығы сағатына 140 км-ге жетеді, ал жүк пойыздары сағатына 110 км жылдамдықпен жүреді. Құрамның салмағы 7 000 тоннадан асады. Бұндай көрсеткіштермен пойызды тоқтату үшін кем дегенде 500 метр, кейде бір шақырымнан асатын қашықтық жол қажет болады. Пойыз автокөлік емес, ол бірнеше метр қашықтықта тоқтай алмайды немесе бір бүйіріне қарай бұрыла алмайды, - деді Александр Игошен.
Ағымдағы жылдың 7 айында Алматы жол бөлімшесі аумағында 5 адам басу орын алды. Олардың барлығы да өлімге әкелді. Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – азаматтардың темір жолда жүріп-тұруы ережелерін сақтамауы. Адамдар жолды қысқарту үшін темір жолдарын белгіленбеген жерлерден, жақын келе жатқан пойыз алдынан кесіп өтеді, құлаққапта музыка тыңдайды, теміржол көлігі нысандарында масаң күйде болады.
Теміржол өтпелерінде автокөліктің локомотивпен соқтығысуымен болған жол-көлік оқиғалары ерекше алаңдаушылық туғызуда. Осы жағдайлардың барлығы да авто көлік жүргізушілерінің Теміржол арқылы жүру ережелерін бұзумен байланысты. Алматы өңірінде 133 теміржол өткелі бар. Теміржолшылар жүргізушілердің жол жүру ережелерін жиі бұзатындарын анықтады. Бұл жерлерде «Сергек» бейнебақылау жүйесін орнату ұсынылады.
Темір жол бойында қараусыз жайылып жүрген мал көбінесе теміржол көлігінің қалыпты жұмысының бұзылуына себеп болады. Мал басу оның өліміне ғана емес, сонымен қатар локомотив пен жолдардың зақымдануымен байланысты теміржолдың қаржылық шығындарына әкеледі. Бұндай жағдайлар жүк және жолаушылар пойыздарының кідіруі мен кешігуіне әкеледі.
Алматы жол дистанциясының бас инженері Дархан Абдуллаев ағымдағы жылы жол дистанциясы қызметкерлерінің күшімен 77,4 км көлемінде мал қоршауын салу жоспарланғанын атап өтті. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 1648,1 км, яғни жалпы ұзындықтың 70,5%-не сым қоршау тартылды.
Темір жолдары арқылы белгіленбеген жерлерде өтіп, темір жол жолағында мал жайғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды қолданыстағы үш АЕК - тен онға дейін арттыруды ұсынамыз, - деді Дархан Абдуллаев.
Теміржолшылардың жергілікті тұрғындармен бұзушылықтардың алдын алу кездесулері тұрақты негізде өткізіледі. Алматы қаласы мен Алматы облысының темір жолға жақын орналасқан 17 мектебінде «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ», «Электр қауіпсіздігі» тақырыбында әңгімесулер жүргізілді. Кездесу бастамашылары азаматтарды темір жолдарға жақын болған кезде абай болуға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.