"Қауіп бар": Қай облыстың тұрғындары су тасқынына дайын болуы керек

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше алдағы уақытта еліміздің 10 өңірінде су тасқыны болуы ықтимал, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде былтыр болған жағдайдан жауапты органдар сабақ алды ма? Бұл сауалға "Мінбер" жобасында Су ресурстары және ирригация министрлігінің басқарма басшысы Сәкен Әтел жауап берді. Шенеунік көктемгі су тасқынына қарсы күреске дайындық, өзен-көлдердің жағдайы, Ресей қоймаларынан келетін су көлемі және тағы да басқа маңызды мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жайын жеткізді. 

Бүгінгі күні министрлік табиғи апат болуы ықтимал аймақтарды белгілеп, ол жерлерде әзірлік жұмыстарын бастап кеткен екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы