2 Тамыз 2026, 17:49 Фото: istockphoto.com

Қатты жел, нөсер, бұршақ: 3 тамызға дауылды ескерту жарияланды

Барлық өңірде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, қатты жел мен аптап ыстық күтіледі.

«Қазгидромет» 3 тамызға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Астана, Шымкент қалалары мен Қазақстанның барлық 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті.

Атырау облысы

Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласы: күндіз шаңды дауыл, ауа температурасы 35 градусқа дейін ысиды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Көкшетау: күндіз ара-тұра жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді.

Шымкент

Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы

Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қатты ыстық болып, ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан қаласы: төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

Түнде және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай: жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

Ұлытау облысы

Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған: күндіз желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында, күндіз шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, батысында, солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды: түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

Күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары, солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорған: ауа температурасы 37-39 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

Күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласы: төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласы

Кешке аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы облысы

Күндіз облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстігінде жоғары, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе: күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскемен: таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодар облысы

Жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, шығысында күндіз 25 м/с дейін күшейеді. Қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар: жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін күшейеді. Қатты ыстық болып, ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Шығысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Семей: таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде облыстың батысында және шығысында, күндіз барлық аумақта жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстігі мен шығысында бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Петропавл: күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы

Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-18 м/с. Батысы мен солтүстігінде жоғары, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтау: жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

Күндіз облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша қатты ыстық сақталып, ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Тараз: төтенше өрт қаупі сақталады.