Қатты жел мен қар: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" 15 желтоқсанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, ел аумағында жауын-шашын түсіп, негізінен қар жауады.
Елдің солтүстігінде, сондай-ақ түнде және таңертең орталық өңірлерде қалың қар жаууы күтіледі. Оңтүстік-шығыста, түнде елдің оңтүстігінде, ал күндіз шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғуы ықтимал.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Ұлытау облысының батысы, солтүстігі және шығысында, сондай-ақ Қостанай облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары болуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауыл медбикесі: Тұрғындардың аманатын арқалау — мәртебелі міндет
Өзгелердің жаңалығы