19 Тамыз 2026, 20:22 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қатты жаңбыр мен +41°С ыстық: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Бірқатар өңірде күн ысып, кейбірінде жаңбыр жауады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанда 20-22 тамыз аралығында ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал батыс өңірлерде қатты ыстық сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Жаңбыр жауады

Атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай түсіп, жел күшейеді және бұршақ жауады.

20 тамызда елдің орталығында, 21 тамызда - шығыста, 22 тамызда - солтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күн ыситын өңірлер

Сонымен қатар Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында күн ыстық болады. Ккүндіз +30…+38°C. Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында ауа температурасы +41°C-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Қостанай облысында +20…+30°C, солтүстікте – +17…+28°C, орталық пен шығыста – +17…+30°C болады деп күтілуде.

Оңтүстікте ауа температурасы +30…+38°C-қа дейін жылынады.

Бұған дейін қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатыны хабарланды