15 Қазан 2026, 07:49 Фото: Скриншот

Қатты нөсер салдарынан Ыстамбұл көшелерін су басты

Қолайсыз ауа райына байланысты қаладағы барлық білім беру мекемелерінде келесі күнгі сабақтар тоқтатылды.

Қатты нөсер Ыстамбұл көшелері мен тұрғын үйлерді су басуына себеп болды. Су ағыны көліктерді алып кетіп, кейбір жолдарда қозғалыс қиындады. 14 жастағы жасөспірім электр тогына түсіп, көз жұмды. Бұл туралы TRT Haber хабарлады.

Эйюпсултан ауданында жолдың бір бөлігі опырылды. Есенюрт ауданында су ағыны алып кеткен әйелді куәгерлер құтқарып қалды. Сарыер ауданында да су көліктерді алып кеткен.

Ыстамбұл губернаторы Давут Гүл тұрғындарды үйден себепсіз шықпауға, көлікпен жүруден бас тартуға және су басу қаупі бар аумақтардан аулақ болуға шақырды.

Қолайсыз ауа райына байланысты қаладағы барлық білім беру мекемелерінде келесі күнгі сабақтар тоқтатылды.