Бүгiн 2026, 11:16 Фото: Pixabay.com/SABIRAB

Қатарда әскери тікұшақ құлады

Экипаж мүшелері мен жолаушылар іздестіріліп жатыр.

Қатар қорғаныс министрлігінің тікұшағы 22 наурыз күні ел жағалауында апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау. Бұл туралы ведомство X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

Жоспарлы тапсырманы орындау кезінде Қатар тікұшағында техникалық ақау туындап, соның салдарынан ол мемлекеттің аумақтық суларында құлады, – делінген министрлік хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі экипаж мүшелері мен жолаушыларды іздеу операциясы жүргізіліп жатқанын да қосты.