Кеше 2026, 19:46 Фото: Anadolu Agency

Қатарда әскери тікұшақ апатынан қаза тапқан алты адамның денесі табылды

Қатар қарулы күштеріне тиесілі тікұшақ техникалық ақауға байланысты әмірлік жағалауындағы теңізге құлаған.

Қатар әуе күштерінің тікұшағы жоспарлы тапсырманы орындау кезінде елдің аумақтық суларында апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қатар ішкі істер министрлігі америкалық Х әлеуметтік желісінде таратқан мәліметке сәйкес, әуе кемесінің құлауына техникалық ақау себеп болған.

Апаттан кейін жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында тікұшақ бортында болған жеті адамның алтауының денесі табылды. Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалған соңғы адамды іздеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Қатар қорғаныс министрлігі әскери тікұшақтың жоспарлы тапсырманы орындау кезінде техникалық ақауға байланысты елдің аумақтық суларында апатқа ұшырағанын және экипаж мүшелері мен жолаушыларды іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы жаздық.