Қатар-қазақ серіктестігі. Әлемдегі ең бай мемлекеттің Қазақстанға пайдасы тие ме?

Ертең өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысушылардың тізімінде Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни де бар,деп хабардлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін елімізге Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни мемлекеттік сапармен келді. Сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер өткізіп, бірқатар құжатқа қол қойды. Бұл сапардың мемлекет үшін маңыздылығын саралап көрелік. 

Қазақ-қатар қарым-қатынасы

Қатар мемлекеті Таяу Шығыстағы Қазақстанның ең маңызды серіктесі екенін Тоқаев айтты. 

Қатардың жері 4500 шаршы миль, бұл Америка Құрама Штаттарының шамамен 0,12% құрайды. Алайда бұл Сауд Арабиясымен шекаралас түбек үшін әлемдегі ең бай мемлекет атануға тосқауыл болып отырған жоқ. Ел табысының 90 пайызы мұнайдан келіп отыр. Қатар Әмірі Астанаға сапарын Ақордадан бастады. 

Ол Президентімізге Қазақстанға шақырғаны үшін алғыс айтып, қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. 

Жоғары мәртебелі президент мырза, еліңізге мемлекеттік сапармен шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Екі ел арасында жақсы қарым-қатынас орнаған. Кейінгі жылдары әртүрлі саладағы байланыстарымыз қарқынды дамып келеді, - деді Қатар Әмірі. 

Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бүгінгі мемлекеттік сапар аясында маусым айында Дохада өткен экономикалық форум кезіндегі бірқатар уағдаластықтар талқыланатынын айтты.  

Бұл келісімдердің мақсаты – бірнеше салада ынтымақтастықты дамыту.

 Бүгін Ақордадағы кеңейтілген құрамда министерлердің қатысуымен осы мәселелерді жан-жақты талқыланды.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аудара отырып, қазақ-қатар қарым-қатынасының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Оның үстіне келер жылы Қазақстан мен қатар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толып отыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл мерейлі белес екенін атап өтті. 

 Бұл – ерекше мерейлі белес. Осы мерзім ішінде біз тығыз мемлекетаралық ынтымақтастық орнаттық. Сындарлы саяси диалог құрдық. Осының бәрі дәстүрлі достық пен берік әріптестікке негізделген. Астанадағы «Әл-Фараби» мешіті мен шейх Тәмим атындағы білім ордасы – осының айқын көрінісі. Сондай-ақ, жуырда Алматы облысының Өтеген батыр кентінде перинаталды аурухананың құрылысы басталды. Біз Қатар Мемлекетінің елімізді көркейтуге қосқан үлесі мен жан-жақты қолдауын ешқашан ұмытпаймыз. Болашақта да қазақ-қатар қатынастарын әрі қарай дамытуға дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы.

Уағдаласу бағыты 

Қазақстан мен Қатар арасында екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылды. 

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама; 

-Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім; 

-Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Білім және жоғары білім министрлігінің арасындағы жоғары білім саласы және ғылыми зерттеулер бойынша ынтымақтастық туралы келісім; 

-Астана қаласының әкімдігі мен Доха қаласының муниципалитеті арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісім; 

-Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Сауда және индустрия министрлігі арасындағы сауда саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 

-Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасында денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы келісім; 

-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Муниципалитет министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум; 

-Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрілігі Метрология және стандарттау институты мен Қатар Мемлекетінің Стандарттау бас ұйымы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; 

-Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Спорт және жастар министрлігі арасындағы спорт саласы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған алғашқы атқарушы бағдарлама; 

-Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет және өнер саласындағы 2023-2025 жылдарға арналған бағдарлама; 

-Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар Мемлекетінің туризм жөніндегі ұлттық кеңесі арасындағы туризм саласы және маркетинг шаралары бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; 

-Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия институты арасында дипломаттарды даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум.

Сарапшы Вячеслав Додонов бұл 12 құжатқа қол қойылу екі ел арасындағы инвестиция мен сауданың артуын күшейтеді. 

Инвестициялық әріптестік әлеуетінің келешегі айқын деп бағалауға болады. Қатар Қазақстан үшін шетелдік инвестор ретінде экономиканың ауыл шаруашылығы, энергетика секторы, өңдеу өнеркәсібі сынды салаларында айрықша маңызға ие. Қазіргі уақытта елімізде Қатардан инвестиция жоқ, олардың көлемі 30 млн доллардан кем. Қатарға Қазақстанның инвестициясы 450 млн доллардан асады. Бұл салада әріптестік әлеуеті ауқымды және оның сауда саласында іске асырылуы қысқа мерзімде бірнеше есе артуына әкелуі мүмкін. Қатардың әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің Қазақстанға мемлекеттік сапары мен оның барысында қол қойылған құжаттар екі мемлекеттің әріптестігінің жоғары әлеуетін іске асыруға және әлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдатуға ықпал етеді, - деді сарапшы.  

«Алтын Қыран» мен футболдан әлем чемпионаты

Президент мен Әмір кездесулер мен келіссөздер барысында достастық нышанын да көрсетті. Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге «Алтын Қыран» орденін табыстады. 

Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің халық алдындағы абырой-беделін, ел басқару ісіндегі даналығы мен ерекше тұлғалық қасиеттерін, әлемдегі бейбітшілікті сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан зор үлесін атап өтті. 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Дохада өткен кездесуде шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен стратегиялық серіктестік орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгенін, екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

Ал өз кезегінде Қатар Әмірі қараша айының соңында Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатына шақырды. 

Қатар Әмірі қарашада елімізде Президент сайлауы өтетінін де тілге тиек етті. Алайда ол футболға Қазақстан Президентінің келгенін қалайтынын айтты. Билетін де жіберетінін тілге тиек етті. Бұл президенттер арасындағы серіктестік пен достастықтың жалғасатынына сенім ұялатады.

БАҚ-қа брифинг

Қатар Әмірі мен Президентіміз бұқаралық ақпарат құралдарының алдында брифинг өткізді. Іс-шара барысында Тоқаев Доха елімізге  әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларымызға алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетенін айтты. 

Мен мұны бүгін шейх Тәмимнің өзіне де айттым. Оның екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Халқымыздың атынан ризашылық білдірдім, – деді Мемлекет басшысы. 

Президенттің айтуынша, бүгінгі келіссөздер нәтижесінде тараптар маңызды мәселелерді талқылап, бірқатар келісімге келген. 

Тоқаев екі ел арасындағы сауда-саттық неге бісеңдеп кетінін айтты. 

Қазақстан мен Қатар екіжақты қарым-қатынастағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аударады. Алайда коронавирус індеті және геосаяси ахуал әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермеді. Сол себепті соңғы жылдары сауда-саттығымыз бәсеңдеп кетті. Ендігі мақсатымыз – елдеріміз арасындағы тауар айналымын жандандыру. Бұған қолайлы жағдай жасалды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Қазіргі уақытта Қатардың бірнеше компаниясы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың өнімі бірқатар мемлекетке экспортталады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы