Қатар-2022: Жапония Испанияны жеңіп, плей-оффқа шықты

Жапония құрамасы әлем чемпионатының Е тобындағы үшінші тур ойынында Испания құрамасын жеңді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Матчтың 11-минутында Альваро Мората Испанияны алға шығарды.

Кездесудің 48-минутында Рицу Доан есепті теңестірді.

Ал 51-минутта Ао Танака есепті 2:1-ге жеткізді. Осылайша,  Азиядан келген футболшылардың мерейі үстем болды. Осы нәтиженің арқасында 6 ұпай жинаған Жапония әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы