Қатар-2022: Самурайлар пенальти сериясынан есе жіберді

Ширек финал үшін болған ойында Жапония Хорватиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Матч басында Хорватия құрамасы біршама қауіп төндірді. Алайда, бірінші таймның соңына қарай жапон шабуылшысы Маэда 43 (1:0) есеп ашты. Ойынның екінші бөлігінде Перишичтің арқасында 55 (1:1) хорваттар есепті теңестіріп үлгерді. Кейін 90 минутқа дейін гол соғылмады.

Ақыры ойын тағдыры пенальти сериясымен шешілді. Есеп хорваттардың пайдасына - 1:3 болды. Хорватия қақпашысы Доминик Ливакович 3 пенальти қайтарып, хорваттарды келесі кезеңге алып шықты.

Айта кеткен жөн, бұл Қатардағы әлем чемпионатындағы алғашқы пенальти сериясы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы