Қатар-2022. Лионель Месси - ең үздік ойыншы

Лионель Месси Қатардағы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Қатардағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Лионель Месси турнирдің ең үздік ойыншысы атанды. Оның еншісінде 7 гол және 3 нәтижелі пас бар. Сонымен қатар Лионель Месси Қатардағы додада пенальтиден 4 гол соққан.

Ол екінші рет әлем біріншілігінің үздік ойыншысы атанып отыр. Бұған дейін 2014 жылғы чемпионатта үздік ойыншы болған еді.

Қатарда өткен чемпионат қорытындысында аргентиналық Эмилиано Мартинес – үздік қақпашы, 22 жастағы Энцо Фернандес – үздік жас ойыншы, франциялық Килиан Мбаппе үздік сұрмерген атанды. Ол турнирде 8 гол соққан. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Reuters
Өзгелердің жаңалығы