Қатар-2022: Харри Кейн ағылшындарды арманынан алыстатты

Әлем чемпионатында Англия мен Франция жартылай финалдың жолдамасы үшін бақ сынасты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спорт сарапшылары бұл ойында фаворит ретінде Францияны таныды.

Ойын есебін 17-минутта франциялық жартылай қорғаушы Орельен Чуамени (0:1) ашты.

Матчтыі екінші жартысы тартысты өтті. 52-минутта Букайо Сакаға қарсы ойын тәртібі бұзылып, Франция қақпасына пенальти белгіленді. Англия шабуылшысы Гарри Кейн 54-минутта 11 метрлік (1:1) нүктеден мүлт кеткен жоқ. Дегенмен 78-минутта А.Гризманнан пас алған О.Жиру  (2:1) баспен қақпаны дәл көздеді.

Төреші Вилтон Сампайо Франция қорғаушысы Тео Эрнандес алаңға тыңнан қосылған Мейсон Маунтқа қарсы тәртіп бұзған деп есептеп, 82-минутта қайта пенальти белгіледі.

Алайда Харри Кейн бұл жолы допты аспанға тепті.

Осылайша Франция құрамасы Англиядан басым түсіп, 14 желтоқсан күні финалға шығу үшін Мароккомен таласады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы