10 Желтоқсан 2022 2022, 11:01
Қатар-2022: Бүгін жартылай финалға жолдама алатын екі құрама белігілі болады
Бүгін Қатарда әлем чемпионатының 1/4 финалының финалдық ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Қатарда әлем чемпионатының 1/4 финалының финалдық ойындары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дохадағы «Эль-Тумама» стадионында Марокко мен Португалия әлем чемпионатының 1/4 финалындағы ойынын өткізеді.
Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Англия мен Франция құрамалары Эль-Хорадағы «Эль Байт» деп аталатын аренада ойнайды.
Матч Астана уақытымен 01:00-де басталады.
Айта кеткен жөн,футболдан әлем чемпионаты Катарда 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтіп жатыр.