Қатар-2022: Бүгін өтетін матчтарға болжам

Бүгін әлем біріншілігінің ширек финалы басталып, алғашқы жартылай финалистер өзара бақ сынасады,   деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Бүгінгі матчтар:

21:00. Хорватия - Бразилия

01:00. Нидерланд Аргентина


Болжам

Хорватия мен Бразилия ойнайды. Бұл тұста фаворит белгілі. «Селесао» командасы ширек финалға еш қиналмай жетті. Қарсыластарын жапырып жеңген Тите шәкірттері Оңтүстік Кореяның саутамдығын қалдырмай ұтты. Хорватияны да жұғын көрмеуі мүмкін. Неймар мен Ришарлисон шақпақ жейделілерді жеңеді деген болжам айтқымыз келеді, - деп жазды сарапшы Ермұхаммед Мәулен.

Ресейлік комментатор Константин Геничтің пікірінше,  Нидерланды -Аргентина арасындағы текетіресте тең ойын болады.  

Құрамалар қосымша таймға дейін жетеді. Егер негізгі уақытты айтсақ, онда бірінші таймда тең ойын болады деуге болады. Бұл болжау өте қиын матч, - деді комментатор.

Екі ойынның да тікелей көрсетілімін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көруге болады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы