6 Желтоқсан 2022 2022, 09:08
Фото: Associated Press
Қатар-2022: Бразилия бірінші таймда-ақ ойын тағдырын шешіп тастады
Ширек финал үшін болған мачта Бразилия Оңтүстік Кореяны ойсырата жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ширек финал үшін болған мачта Бразилия Оңтүстік Кореяны ойсырата жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бразилиялықтар ойын тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп тастады.
7’ - Винисиус - 1:0
13’ - Неймар - 2:0
29’ - Ришарлисон - 3:0
36’ - Пакета - 4:0
76’ - Сын Хо Бэк - 4:1
Осылайша, Оңтүстік Кореяны ойсырата жеңген Бразилия ширек финалға өтіп, әлем чемпионатының жартылай кезеңінің жолдамасын Хорватиямен сарапқа салады.
Еске салайық, Бразилия-Хорватия арасындағы матч 9 желтоқсан күні өтеді.