Қатаң сөгіс алған Мырзағалиев қызметінен кете ме?

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мырзағалиев Мағзұм Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бензин өндіру қуаты 70 пайызға, дизель отыны 30 пайызға артты. Ал авиаотын өндіру қуаты 2 еседен астам  өсті.Айта кететіні, бензин бойынша біз Қазақстан Республикасының қажеттілігін толығымен жауып отырмыз.Ал дизель отынын тұтыну 30 пайызға айтарлықтай өскені байқалады.Бұған ең алдымен көрші елдерге кетіп жатқан «көлеңкелі экспорт» себеп болып отыр, - деді Мырзағалиев. 

Ол атағандай, жағдайды тұрақтандыру үшін «ҚазМұнайГаз» бірқатар шұғыл шаралар қабылдады.

Брифингте әріптесіміз саладағы тапшылықты алға тартып, сөгіс алған ҚМГ басшысының жұмыстан өз еркімен кетуіне қатысты пікірін сұрады. 

Бүгінгі таңда осы мәселенің шешу жолын табу керек. Алдымен дизель тапшылығын жою керек. Менің басты мақсатым – сол. Сіздің ақпаратыңыз сәл дұрыс емес, мен 2017 жылы жұмыстан кеткен жоқпын. Энергетика министрлігінде басқа бір әріптесім жауапты болды. Сол кісі сөгіс алып, жұмыстан кеткен болатын, - деді ол. 

Айта кетейік, осыған дейін дизель отынының тапшылығы үшін уақытында тиісті шаралар қабылдамағаны үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы М. Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі А. Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланған еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы