Қасымбек: Қаланы абаттандыру жұмысы басталады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Апта сайын азаматтарды жеке қабылдап тұрамын. Онлайн-қабылдау барысында нақты және жүйелі мәселелер көтеріледі. Жүйелі мәселелерді шешу арқылы көптеген адамның қиындығын реттеп, оларға көмек көрсетуге болады.

Қазір біз биылғы абаттандыру маусымының әрі келесі жылдың да жұмыс жоспарын құрып отырмыз. Күн райы жылынған сәттен бастап қалада жолдарды, тротуарларды салу және жөндеу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы басталады. Сол сияқты қалада әлеуметтік нысандардың (мектептер, жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үйлер, медициналық орталықтар), құрылысы ұзаққа созылған нысандардың және т.б. құрылысы жүріп жатыр, - деді елорда әкімі.

Маңызды бағыттардың бірі – тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі нысандарының құрылысын аяқтау. Бұл өз кезегінде жылумен, сумен жабдықтау, электр және т.б. мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қабылдау барысында түсетін проблемалардың шешілуін назарда ұстаймын. Ал азаматтарды қабылдауға egov.kz, e-otinish порталдары немесе қала әкімдігінің кеңсесі арқылы жазылуға болады, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы