Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің алғашқы отырысы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы бүгінгі отырыста бірқатар өзекті мәселе қаралатынын айтты. Алдымен өткен жарты жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қарастырылатынын жеткізді.


"Жалпы, қаңтар-маусым айларында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік деп айтуға болады. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,1% құрайды. Инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,4% болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 11,7%-ға өсті. Әрине, аталған экономикалық көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмысына оң ықпал етуі тиіс. Қазір осы бағытта атқарылған жұмыстарды талқылап, алдағы жоспарларды анықтаймыз. Басты мақсат - қолда бар мүмкіндіктерді, әлеуетімізді толық пайдалану. Аталған жетістіктерімізді еселеуіміз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Отырыста еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы және алдағы жылға қойылған жоспарлар жөнінде Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин баяндама жасады.


Бұған қоса, Ұлттық банк, ИИДМ, АШМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылары есеп береді деп жоспарланып отыр. Ал өңірлердің әлуеметтік-экономикалық қорытындылары бойынша Түркістан, Қарағанды, Атырау облыстарының әкімдері баяндама жасайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы