15 Қыркүйек 2026, 16:25
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевты Сеулде салтанатты түрде қарсы алды
Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президентін Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.