Қасым-Жомарт Тоқаев: Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату керек

Бүгін Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткерЗаманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай ас берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бүгін Алматы қаласында Заманбек Қалабайұлының рухына арналып үлкен Ас берілді. Асқа Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының басшылары, еліміздің түкпір-түкпірінен интеллигенция өкілдері, ғалымдар мен қаламгерлер, есімі елге мәшһүр саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, бірге қызмет істеген замандастары мен туыстары қатысты. Аруақты Асқа ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ізгі тілек-ниетін арнайы жолдапты. Мемлекет басшысының кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Берік Уәли мырза қалың көпшілікке ресми Көңіл хатты жеткізгенде толқымаған адам кемде кем болған шығар, - деп жазды депутат.

Мемлекет басшысы өзінің ресми хатында Заманбек Қалабайұлының тарихи тұлғасын ел жадында мәңгілік қалдыру үшін келелі істер қолға алынатындығын айтқан. Соның бірі қоғам қайраткеріне ескерткіш орнату.

Ұлт перзентінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру – ұрпақ парызы. Осы орайды, Зәкеңнің туған жері – Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашу қажет деп санаймын, - делінген президент Қасым-Жамарт Тоқаевтың хатында.

Бұл жаңалықты саясаткердің жары Мақпал Жүнісова да желідегі парақшасында жариялады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: voxpopuli.kz
Өзгелердің жаңалығы