7 Сәуір 2026, 11:03
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті То Ламды құттықтады
Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады.
– Сайлаудағы жеңісіңіз елді саяси-экономикалық тұрғыдан өркендетуге және ұлттық мүддені халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін көрсетеді. Сіздің парасатты саясатыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасында Отаныңыз бүгінгіден де биік белестерге жете беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Вьетнамды Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, өзара стратегиялық әріптестік қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
- ЕО-ның бес елі мигранттарды Руандаға депортациялауға келісті 05:43
- Шымкентте дарынды балаларға арналған лицейдің жатақханасынан өрт шықты 03:46
- Биткоин 60 мың долларға дейін құлдырауы мүмкін: криптонарықта алаңдаушылық күшейді 02:50
- Астанада мас күйінде электромопед жүргізген жігіт 20 тәулікке қамалды 01:45
- Елімізде техногендік қалдықтарды игеру құқығы аукционға шығарылады 00:25
- Қойма мен жүк көліктері өртенді 16.11.2026
- Қазақстанда фермерлік кәсіпорындар саны 21 мыңға жетті 16.11.2026