Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарайды BAQ.KZ.
Президент сондай-ақ парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлытау облысында 208 шақырым жол жөнделеді
Өзгелердің жаңалығы