Бүгiн 2026, 19:20
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорланың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент бірлескен күш-жігердің арқасында сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусардың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словения халқына бақ-береке тіледі.