Бүгiн 2026, 10:03 Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция халқына ізгі тілегін жеткізді

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Швеция арасындағы ынтымақтастықтың алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен.

Сондай-ақ Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.