20 Тамыз 2023 2023, 17:36
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Вьетнамға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.