25 Қараша 2026, 15:02
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барады
25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.