Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Нұролла бай сарайына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев хорезм сәулет өнерінің бірегей ескерткіші – Нұролла бай сарайына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сарай-саябақ кешенін XIX ғасырдың бас кезінде II Мұхаммед Рахым хан өзінің ұлы – хан тағының мұрагері Асфендиярға арнап, хиуалық бай көпес Нұролланың иелігіндегі үлкен бақтың орнына салдырған. Құрылысқа хиуалық шеберлер мен суретшілерден бөлек, Ресейден және Германиядан мамандар алдырған. Дәстүрлі шығыс сәулеті өнері мен еуропалық стильдің әдемі үйлесімі нысанның келбетінен де көрініп тұрады.

Екі ел басшылары Хиуа хандығының бас уәзірі болған Сейіт Ибрагим қожаның үйін, «Беш хаули» кешенін, сарайдағы басқа да бөлмелерді, қонақ күтетін үй-жайларды аралап көрді.

Содан соң президенттер «Өзбек-қазақ суретшілерінің туындыларындағы халықтар бірлігі» бейнелеу өнері көрмесін, «XIX-XX ғасырларда түсірілген фотосуреттердегі Хорезм» көрмесін, соның ішінде өзбек ұлттық фотоөнері мен деректі киносының негізін қалаушы Құдайберген Диуановтың суреттерін тамашалады

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы