4 Мамыр 2023 2023, 14:43 Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бірлескен мәлімдеме жасады

Екі президент БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Екі президенттің БАҚ өкілдері үшін жасаған баспасөз мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

  • Тәжікстан – біз үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес мемлекет. Біздің халықтарымызды шынайы достық, ортақ тарих, рухани және мәдени құндылықтар біріктіреді;
  • Сіздің сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығында өтіп отыр;
  • Екі ел үкіметтерінің сенімді саяси диалогы мен үйлесімді жұмысының нәтижесінде қарым-қатынастардың мазмұны мүлде жаңарып, байи түсті. Бүгін қол қойылған Одақтастық өзара іс-қимыл туралы декларация – мұның айқын дәлелі;
  • Екіжақты өзара іс-әрекетті нығайту үшін энергетика және машина жасау салаларында зор мүмкіндік бар. Кеше өткен Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумы мен Іскерлік кеңес отырысы кәсіпкерлердің осы салаларда өзара тиімді байланыс орнатуға қызығушылық танытып отырғанын растады;
  • Бизнес-форум барысында жалпы сомасы 1,8 миллиард доллар болатын келісімшарттарға қол қойылды;
  • Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдеріміз арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 40 пайызға өсіп, 500 миллион доллардан асты;
  • Қазақстан – Тәжікстанға үлкен көлемде бидай мен ұн жеткізетін елдің бірі. Бұл ретте біздің өсімдік майлары, макарон, сүт өнімдері және кондитерлік өнім түрлері бойынша экспортты ұлғайту үшін резервіміз жеткілікті;
  • Қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді және уақтылы іске асыру үшін Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасына қол қойылды;
  • Іскерлік байланыстар мен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін мейлінше қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты өңіраралық форумдар форматында екіжақты ынтымақтастықтың басталуы ерекше маңызға ие;
  • Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендерді пайдалану туралы ұстанымдарымыз ортақ екенін, сондай-ақ бұл істе конструктивті ынтымақтастық пен өзара тиімді шешімдер іздеу қажеттігін тағы да растадық. Бұл мәселеде Аралды құтқарудың халықаралық қоры айрықша рөл атқарады;
  • Қол жеткізілген уағдаластықтар – Қазақстан-Тәжікстан қарым-қатынастарын нығайту тұрғысынан аса маңызды және елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілді екеніңіздің айқын дәлелі.