28 Тамыз 2026, 20:28 Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі Харальдың қайтыс болуына орай көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі V Харальдтің қайтыс болуына орай көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконға әкесі Король V Харальдтің дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Король V Харальд Норвегияның бірлігі мен рухын, жарқын жетістіктерін паш еткен көрнекті мемлекет қайраткері болды. Ұлы Мәртебелі ұзақ жылдар бойы абыройлы билік құрып, дана әрі адал басшы ретінде еліне қалтқысыз қызмет етті. Халқына ұдайы қамқор болып, қалың бұқараның құрметі мен ықыласына бөленді, – делінген жеделхатта.