1 Қазан 2026, 13:01
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Нигерия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Тәуелсіздік күніне орай президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.