11 Шілде 2026, 11:47 Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Моңғолия президентіне Наадам ұлттық мерекесіне орай құттықтау жолдап, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Моңғолия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады.

Президент Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі елдің достық қатынастары мен сан қырлы ынтымақтастығы беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас моңғол халқына бақ-береке тіледі.