16 Ақпан 2026, 18:20
Фото: ©BAQ.KZ архиві
Қасым-Жомарт Тоқаев Литва президентін құттықтады
Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гитанас Науседаны Литваның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілікті қалпына келтіру күнімен құттықтады.
Президент екіжақты қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаның мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Литва халқына құт-береке тіледі.