18 Қараша 2026, 12:09 Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия президентін ұлттық мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Ұлттық мерекеге орай Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эдгарс Ринкевичсті Латвия Республикасын жариялау күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Эдгарс Ринкевичстің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Латвия халқына бақ-береке тіледі, - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетейік, 18 қарашада Латвия Республикасы Тәуелсіздік күнін атап өтеді. 1918 жылы бұл күні елдің тәуелсіздігі жарияланған болатын.