Қасым-Жомарт Тоқаев Glencore компаниясының бас директорын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев шикізат тауарларының саудасы бойынша әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі, Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглмен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Кездесуде экономиканы көміртегінен арылтудың өзекті мәселелері, компанияның Қазақстан тау-кен-металлургия және энергетика салаларындағы жекелеген аспектілері талқыланды.
Мемлекет басшысы экологиялық нормаларды сақтаудың, өндіріске озық технологияларды енгізудің маңызды екеніне баса мән берді.
Бас директор Гэри Нейгл Президентке Glencore компаниясының Қазақстандағы жұмысының нәтижелері мен алдағы жоспары туралы айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Заңсыз талабы орындалмаған мұнайшылар өз-өзіне қол салды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы