Бүгiн 2026, 18:18
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО жетекшілерімен келіссөз жүргізу үшін «Еуропа» ғимаратына келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ көшбасшыларымен келіссөз жүргізу үшін «Еуропа» ғимаратына келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақ көшбасшыларымен жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу үшін Брюссельдегі «Еуропа» ғимаратына келді.
Еуропалық кеңестің бас кеңсесінде Мемлекет басшысын ЕО-ның жоғары лауазымды тұлғалары ресми түрде қарсы алды. Күн тәртібінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті нығайту мәселелері тұр.