Бүгiн 2026, 15:56
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев екі лауазымды шенеунікті қызметінен босатты
Мемлекет басшысы екі лауазымды шенеунікті қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды.