Бүгiн 2026, 08:18 Фото: Ақорда

Президент Дональд Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

Президент Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.

Мемлекет басшысы "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.