7 Қыркүйек 2026, 18:40
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентін құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силва мен оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент Қазақстан Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті.
Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің ынтымақтастығы халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды түрде дами түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.