3 Қараша 2026, 17:02
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария халқына құт-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Илияна Йотованы Болгария Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
– Сайлаудағы жарқын жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге артқан жоғары сенімі мен еліңіздің дамуын баянды етуге бағытталған игі бастамаларыңызға көрсеткен қолдауының айқын көрінісі екені сөзсіз, – делінген құттықтау хатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Болгария халқына құт-береке тіледі.