Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен пікір алмасты
Бұл туралы Ақорданың ресми Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттің (СОР28) ашылуына дейін бірқатар мемлекет басшыларымен және басқа да жиынға қатысушы тұлғалармен әңгімелесіп, пікір алмасты.
Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы саммитіне қатысушылардың суретке түсу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Еуроодақ Президенті Шарль Мишель, Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Тони Блэр, Мажарстан Президенті Каталин Новак және АҚШ Президентінің климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керримен әңгімелесті.
Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни және Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Андорра Премьер-министрі Ксавьер Эспот Саморамен пікір алмасты.