23 Тамыз 2026, 17:13
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Бангладеш Президентіне құттықтау жолдады
Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирді Бангладеш Халық Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
– Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жоспарларыңыз бен бастамаларыңызды табысты іске асыруыңызға тілектеспін. Достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықты нығайту үшін бірлесе жұмыс жүргізуге әзір екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мирза Фахрул Ислам Аламгирдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Бангладеш халқына құт-береке тіледі.