30 Қыркүйек 2026, 17:55 Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольтты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольтты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешеніндегі бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі экономикалық және технологиялық серіктестерінің бірі саналатынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, отандық өнеркәсіптің басым міндеттерінің бірі – шикізат шығарудан металды терең өңдеу, озық технологияларды енгізу және қосылған құны жоғары өнім өндірісі моделіне көшу.

Құрамы күрделі мыс шикізатын кешенді өңдеу, ілеспе металдарды алу, қайта өңдеуді дамыту және өңдеудің кейінгі сатысындағы өндіріс нысандарын жергіліктендіру ықпалдастықтың негізгі бағыттары ретінде айқындалды.

Елімізде мыс сынықтарын және техногендік минералдар түзілімін қайта өңдеу бойынша «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы мен Aurubis арасындағы ынтымақтастық әлеуетіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар аталған бағыттағы келешегі бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу мүмкіндігі қарастырылды.