15 Сәуір 2024 2024, 11:32 Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға ресми сапармен барды

Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.

Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.