Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Джозеф Байденге Техас штатының Увальде қаласындағы Робб бастауыш мектебінде болған атыс салдарынан мектеп оқушылары мен басқа да азаматтардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Мен техастықтардың және Сіздің барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын, – делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰБТ. Квота қалай бөлінеді?
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы