Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау емтиханын тапсырмайды

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңының 59 бабының 5-тармағына сәйкес барлық құжаттар толық қабылданды. Кандидатты қолдау мақсатында Қазақстанның барлық өңірінен 399 мың 809 азамат қол жинады. Бүгінгі күні олардың 141 мың 45-і тексеріліп, 140 167-і рас деп танылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңының 54 бабының 2 тармағына сәйкес мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау туралы емтиханды тапсыру жұмыс істеп жүрген президенттерге қолданылмайды,-деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы ана тілінен бөлек, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгерген. Сондай-ақ, француз тілінде еркін сөйлей алады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жылдар бойы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, сыртқы саяси ведомствоның басшысы, премьер-министрдің орынбасары, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі, ҚР Парламенті сенатының төрағасы, Парламент сенатының төрағасы, Қазақстан Республикасының президенті қызметтерін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 7 қазанында Орталық сайлау комиссиясына бірнеше қоғамдық бірлестіктер Президенттікке кандидат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатын ұсынған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы